27.10.2011, 11:17 3918

Алматыдағы Car City сауда үйінде тағы өрт шықты

Алматыдағы "Сar City" автокөлік базары өртке оранған. Сәрсенбі күні кешқұрым сауда орталығының жертөлесінде орналасқан бутикте көлік аксессуарларын сататын бутик өртенген.

Алматы. 27-қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы Car City сауда үйінде тағы өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыдағы "Сar City" автокөлік базары өртке оранған. Сәрсенбі күні кешқұрым сауда орталығының жертөлесінде орналасқан бутикте көлік аксессуарларын сататын бутик өртенген".

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Ғимараттан 1256 адам эвакуацияланды, деп атап өтті ТЖМ.

Жалпы аумағы 25 шаршы метрді шарпыған өрт 48 адам мен 17 техниканың күшімен ауыздықталған.

"Сar City" қыркүйек айының орта шенінде де өртенген болатын. Ол кезде тілсіз жау жалпы аумағы 150 шаршы метр жерді шарпыған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны