24.01.2012, 13:20 2890

Алматыдағы кафелердің бірінде екі бұзақы Франция азаматын соққыға жықты

Алматыдағы кафелердің бірінде Франция азаматы мен оның танысын соққыға жыққан екі бұзақы ұсталды.

Алматы. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыдағы кафелердің бірінде екі бұзақы Франция азаматын соққыға жықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы кафелердің бірінде Франция азаматы мен оның танысын соққыға жыққан екі бұзақы ұсталды.

Белгілі болғандай, Фурманов көшесіндегі кафелердің бірінде Францияның 43 жастағы азаматы мен оның танысын кафеге келген екі жігіт соққыға жыққан.

"Оқиға орнында болған куәлар полиция шақырған. "Боран-048" патрульдік экипажы кафеге екі жарым минутта келіп жетті. Бұзақылар ұсталып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Жәбірленгендер полицияға арыз жазып, бұзақыларды қылмыстық жауапқа тартуды сұрады.

"Ұсталғандардың бірі Шымкентте тұратын 26 жастағы азамат, екіншісі оның алматылық 27 жастағы досы", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны