06.01.2012, 11:12 3500

Алматыдағы кафелердің бірінде өрт шықты

Төтенше оқиға қаңтардың 5-нен 6-на қараған түнде Алмалы ауданында, Құрманғазы мен Абылайхан көшелерінің қиылысында орналасқан "Какаду" кабаре дәмханасында орын алған.

Алматы. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыдағы кафелердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда "Какаду" кабаре дәмханасы өртенген.

Төтенше оқиға қаңтардың 5-нен 6-на қараған түнде Алмалы ауданында, Құрманғазы мен Абылайхан көшелерінің қиылысында орналасқан "Какаду" кабаре дәмханасында орын алған.

Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиға орнынан 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 25 маманы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны