16.02.2011, 12:58 3519

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде өрт шығып, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде өрт шығып, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде өрт шығып, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тілсіз жауды бір жарым сағатта ауыздықталған. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, ғимараттан 40 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала жасалған болжамға сүйенсек, өрт моншаның булау бөлмесінен шығуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны