30.03.2007, 10:35 2569

Алматыдағы құрылыс алаңдарында бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыдағы құрылыс алаңдарында бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, Түріксіб ауданында салынып жатқан "Рено" автосалонының алаңында 22 жастағы жұмысшы мұнаралы шығырыннан құлап мерт болды.

Ал Бостандық ауданында әл-Фараби атындағы ҚазМУ құрылыс алаңында опалубка орнату барысында қазаншұңқыр жиегінің опырылып кетуі салдарынан "Казэнергострой" ЖШС-нің екі жұмысшысы жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны