20.12.2010, 14:42 3657

Алматыдағы "Рамстор" гипермаркетінде өрт шықты

Кеше Алматының Фурманов көшесінде орналасқан "Рамстор" гипермаркетінде өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше Алматының Фурманов көшесінде орналасқан "Рамстор" гипермаркетінде өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, сағат 12.02 ғимараттың сыртқы жылылық қаптамасы өртенген. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 12.40 сөндірілген.

Сондай-ақ, оқиға орнынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны