24.02.2012, 10:15 3016

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам мерт болды

Бейсенбі, 23 ақпан күні Алматы қаласының Ақсай-2 шағынауданында орналасқан бес қабатты үйдің пәтері өртенді. Жалын тілі 2 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнынан 64 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласындағы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 10 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылған.

Астана. 24-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бейсенбі, 23 ақпан күні Алматы қаласының Ақсай-2 шағынауданында орналасқан бес қабатты үйдің пәтері өртенді. Жалын тілі 2 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнынан 64 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласындағы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 10 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылған.

Сондай-ақ, бүгін Шымкент қаласында түнгі сағат 00. 22-де сәулет және қала құрылысы бөлімінің бес қабатты ғимараты отқа оранған.

Өрт Түркістан көшесінде орналасқан ғимараттың 9 шаршы метрін шарпыған. Ол сағат 01. 06-да өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылайды құтқарушылар. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 26 адамы мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны