27.12.2010, 13:51 3374

Алматыдағы үйлердің біріндегі пеште шыққан ақау салдарынан бес адам көмір қышқыл газымен уланып қалды, олардың үшеуі балалар

Алматыдағы үйлердің біріндегі пеште шыққан ақау салдарынан бес адам көмір қышқыл газымен уланып қалды, олардың үшеуі балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 27 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыдағы үйлердің біріндегі пеште шыққан ақау салдарынан бес адам көмір қышқыл газымен уланып қалды, олардың үшеуі балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 05.10 Медеу ауданындағы Атырау шағынауданындағы екі пәтерлі тұрғын үйдегі пеште ақау шығып, соның салдарынан бес адам көмір қышқыл газымен уланып қалған, олардың үшеуі балалар: біреуі бір жаста, екіншісі бес жаста, ал тағы біреуі жаңа туған нәресте. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28-дегі азаматша ауруханаға түскен бойда көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны