08.11.2007, 19:05 2681

Алматыдағы ҰҚК Искери институтында кабинет өртенді

Алматыдағы ҰҚК Искери институтында кабинет өртенді

Алматы. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Искери институтында кабинет өртенді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының өрт сөндіру департаментіне сілтеме жасай отырып. Өрт сөндіру департаментінің хабарлауынша, 8-қарашада 7.24 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Искери институтының төрт қабатты оқу корпусының үшінші қабатындағы радиобайланыс кабинетінде өрт шыққан. Тілсіз жау 10 шаршы метрді шарпыған, оны сөндіруге өрт сөндірушілердің жарты сағаттай уақыттары кетті.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен 13 бірлік техника жұмылдырылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығуы себебі мен келген материалдық шығынның көлемі анықталуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны