17.10.2011, 10:44 3148

Алматыдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес адам мерт болды

Өрт 17-қазан күні сағат 4.14 Алмалы ауданындағы үш отбасыға арналған жер үйде болған. Алдын ала болжам бойынша, үйдің ішінен шыққан жалын ауладағы шаруашылық құрылыстарына көшкен.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 17-қазан күні сағат 4.14 Алмалы ауданындағы үш отбасыға арналған жер үйде болған. Алдын ала болжам бойынша, үйдің ішінен шыққан жалын ауладағы шаруашылық құрылыстарына көшкен. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 22 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған. Өрт сөндіру барысында 5 адамның мәйіті табылды. Қазір олардың тұлғалары анықталу үстінде. Тағы 4 адам, соның ішінде 4 жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны