22.08.2011, 10:04 2473

Алматыдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бір адам мерт болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлауынша, Алматыда Шаңырақ ықшамауданындағы тұрғын үйде ірі өрт шыққан.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлауынша, Алматыда Шаңырақ ықшамауданындағы тұрғын үйде ірі өрт шыққан.

Өрт 21 тамыз күні таңертең шыққан. ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 13 адамы мен 4 техникасы тілсіз жауды 47 минутта ауыздықтап, 3 сағаттан кейін толығымен өшірген. Тілсіз жау 120 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар оқиға орнында 74 жастағы қарттың денесін тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны