11.04.2013, 17:03 3190

Алматыдан 265 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 11 сәуір күні алматы уақыты бойынша 00 сағат 56 минут 20 секундта (Гринвич бойынша 10 сәуір 2013 жыл 18 сағат 56 минут 20 секунд) "ҚР БҒМ Ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Алматы. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыдан 265 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін, 11 сәуір күні алматы уақыты бойынша 00 сағат 56 минут 20 секундта (Гринвич бойынша 10 сәуір 2013 жыл 18 сағат 56 минут 20 секунд) "ҚР БҒМ Ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Оның ошағы Алматы қаласының оңтүстігінде 265 шақырымда, Қырғызстан мен Қытай шекараларында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық тобы - 9.8. Магнитудасы - MPV 4.5. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны