11.03.2012, 14:43 3124

Алматы-Екатеринбор тасжолында болған көлік апатынан үш адам қаза болды

Жексенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Жедел медициналық жәрдем" облыстық орталығының диспетчерлігінен хабарлағандай, өткен сенбіде Алматы-Екатеринбор жолының 960-шы шақырымында "Ауди-80" және "Хонда" соқтығысқан.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Алматы-Екатеринбор тасжолында болған көлік апатынан үш адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза болып, алты адам жарақат алған.

Жексенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Жедел медициналық жәрдем" облыстық орталығының диспетчерлігінен хабарлағандай, өткен сенбіде Алматы-Екатеринбор жолының 960-шы шақырымында "Ауди-80" және "Хонда" соқтығысқан.

Апат салдарынан екі ер адам және бір әйел апат болған орында қаза болған. Алты адам, оның бірі екі жастағы ұл бала мен оның аяғы ауыр анасы ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны