28.01.2016, 20:02 4983

Алматылық құтқарушылар польшалық туристіӊ денесін қандай қиындықпен шығарғандарын айтты

Польшалық туристіӊ денесі Алатаудан ақыры шығарылды.Ауа райы өте қолайсыз болғандықтан, бұл шаруа үш күнге созылған. Ал оныӊ жай жапсарын бүгін төтенше жағдай департаментіндегілер айтып берді

Алматы. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Польшалық туристіӊ денесі Алатаудан ақыры шығарылды.Ауа райы өте қолайсыз болғандықтан, бұл шаруа үш күнге созылған. Ал оныӊ жай жапсарын бүгін төтенше жағдай департаментіндегілер айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Талғар шатқалына көлік бара алмайды. Сондықтан марқұмды жаяу алып шығуға тура келген. Оқиға орнына екі жасақ жіберіліп, олар бір-біріне қарама-қарсы жүріп отырған. Бірақ құтқарушылар ештеӊе көре алмапты. Өйткені бұл шара түнде жүргізілген. Оныӊ үстіне тауда қалыӊ тұман болды. Құтқарушылар мәйітке тек GPS-пен барған. Олар сөйтіп туристіӊ денесін алып шығып, тергеушілерге тапсырды. Екі күн бұрын Шымбұлаққа барған Польша азаматы тау-шаӊғы кешенініӊ арғы бетіне өтіп кетіп, жоғалған. Кейін Артур Росоныӊ өлі денесі табылды. Болжам бойынша, ол үсіп өлген, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны