05.10.2009, 09:19 1544

Алматының Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында өрт шықты - ТЖМ

Алматының Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында өрт шықты - ТЖМ

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Алматының Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматының Алмалы ауданы әкімдігінің үш қабатты ғимаратында 4 қазанда сағат 18.23-те жалпы аумағы 240 шаршы метр аумақта үшінші қабаттағы №324 бөлмеде жиһаз бен терезенің жақтаулары өртенді (Иуезов аудандық Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы филиалы жалға алып отырған), өрт 4 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 14 адамының күшімен 19 сағат 13 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны