29.03.2013, 14:08 3426

Алматының қақ ортасында екі қабатты ғимарат жанып жатыр

Кеңседе болған 45 адам тысқа шығып үлгерген екен. Абылайхан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы екі қабатты ғимаратта өрт туралы жедел хабар қаланың Төтенше жағдайлар департаменті қызметіне сағат 13.40-та түскен.

Алматы. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін, 29 наурызда сағат 13.40 шамасында Алматы қаласының ортасында, яғни Алмалы ауданында орналасқан супермаркет "Столичный" жанындағы ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеңседе болған 45 адам тысқа шығып үлгерген екен. Абылайхан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы екі қабатты ғимаратта өрт туралы жедел хабар қаланың Төтенше жағдайлар департаменті қызметіне сағат 13.40-та түскен.

Қазір өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жалынмен арпалысуда. Өрттің неден тұтанғаны және қанша шаршы метрді шарпығаны туралы әзірге нақты ақпарат болмай тұр. Белгілісі, дүкеннің ішіндегі адамдардың барлығы сыртқа шығарылған, дүкен жұмысын тоқтатты. Зардап шеккендер туралы да әзірге ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны