04.10.2007, 14:58 2842

Алматының кеденшілері жалпы сомасы 18 мың АШҚ долларын құрайтын контрабандалық темекіні сатудың жолын кесті

Алматының кеденшілері жалпы сомасы 18 мың АШҚ долларын құрайтын контрабандалық темекіні сатудың жолын кесті

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматының кеденшілері жалпы сомасы 18 мың АШҚ долларын құрайтын контрабандалық темекіні сатудың жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанның азаматы республика аумағына жалпы сомасы 18 мың АҚШ долларын құрайтын темекі әкеліп, оны "Авант" дүкенінде заңсыз сатпақ болған.

Аталмыш дерекке қатысты Алматы қаласының кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 208-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны