25.04.2011, 10:40 1843

Алматының қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 320 дам қауіпсіз жерге көшірілген

Алматының қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 320 дам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматының қонақ үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 320 дам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кеше "102" нөміріне Алматыдғы "Түркістан" қонақ үйіне жарылғыш зат қойылды деген жасырын хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.

"Белгісіз біреу Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан "Түркістан" қонақ үйінің ғимаратында жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі, соның ішінде: жеке құрамдағы 8 адам және ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД екі арнайы техникасы жөнелтілді. Қонақ үй ғимаратынан 320 адам көшірілді.

Арнайы іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.

Фото: caucase.wordpress.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны