25.01.2012, 10:14 2801

Алматының көпқабатты үйлерінің біріндегі пәтерде өрт шығып, бір адам мерт болды

Алматының көпқабатты үйлерінің біріндегі пәтерде шыққан өрт салдарынан 80 жастағы қарт көз жұмды.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматының көпқабатты үйлерінің біріндегі пәтерде өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматының көпқабатты үйлерінің біріндегі пәтерде шыққан өрт салдарынан 80 жастағы қарт көз жұмды.

Оқиға 24 қаңтар күні Алматының Медеу ауданындағы Шашкин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде 1932 жылы туған зейнеткер әйелдің мәйіті табылған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласындағы ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 11 маманы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны