08.11.2011, 10:23 3277

Алматының Медеу ауданында қатарынан екі жерге жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар келіп түсті

Алматы қаласының "102" нөміріне 7 қараша күні, таңертеңгі сағат 10 жарымда Медеу ауданының бірнеше көшесінен жарылғыш заттар табылғандығы туралы екі хабар келіп түскен.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Алматының Медеу ауданында қатарынан екі жерге жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының "102" нөміріне 7 қараша күні, таңертеңгі сағат 10 жарымда Медеу ауданының бірнеше көшесінен жарылғыш заттар табылғандығы туралы екі хабар келіп түскен.

Бірінші ақпарат Қонаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан қоқыс жәшігінің маңайынан табылған күдікті чемоданға қатысты болды. Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылмады.

Екінші хабарламада Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орнатылған жарылғыш зат туралы айтылды. Төтенше жағдай орнына дереу шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 5 адамы мен 1 техникасы жетті. Арнайы іс-шаралардың барысында хабарламаның жалғандығы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны