01.06.2009, 11:15 1305

Алматының Медеу ауданында лай жүруі салдарынан екі саяжайға зақым келді

Алматының Медеу ауданында лай жүруі салдарынан екі саяжайға зақым келді

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Медеу ауданында лай жүруі салдарынан екі саяжайға зақым келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматының Медеу ауданы "Широкая щель" шатқалында "Комбинат нерудных материалов" атты саяжайлар қоғамында 31 мамырда сағат 15.00-де диаметрі 100 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, оның арты көлемі 500 текше метрлік лайдың ағуына алып келген. Соның салдарынан 2 саяжайға зақым келді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аққан лайды бақшашылар қоғамының әкімшілігі тазартуда, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны