30.06.2011, 13:45 7274

Алматының Медеу ауданындағы 4 кіші станцияда жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда әлі 4 кіші станса іске қосылмаған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәл етті.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Алматының Медеу ауданындағы 4 кіші станцияда жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда әлі 4 кіші станса іске қосылмаған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәл етті.

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусымда Алматы облысының аумағында аяқ астынан қатты дауыл болып, нөсер жауған еді. Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан кісі стансалар сөніп қалып, электр сымдары үзілген. Дауылдың екпінінен құлаған ағаштар газ құбырларын да зақымдады.

Оқиға салдарынан 95 аудандық трансформаторлық кіші станса істен шыққан болатын, 29 маусым сағат 19.00-дағы жағдай бойынша: Иуезов ауданындағы Қалқаман ауылында 8 кіші станса, Алатау ауданындағы Заря Востока кентінде 16 кіші станса, Медеу ауданында 67 кіші станса іске қосылды. Медеу ауданында 4 кіші станса әлі іске қосылған жоқ. Жөндеу жұмыстарын "Алматы Жарық компаниясы" АҚ жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны