05.12.2007, 19:19 3225

Алматының орталық көшелерінде қозғалыс тоқтап қалды

Алматының орталық көшелерінде қозғалыс тоқтап қалды

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгінг" - Алматыда бүгін сағат 12 қала орталығындағы қозғалыс тоқтап қалды, деп хабарлайды агентік тілшісі.

Көлік торуылы Сәтпаев көшесінде, Достықтан Манас көшесіне дейін жалғасты. Сондай-ақ, Абай көшесі және оны кесіп өтетін Масаншы, Желтоқсан, Сейфуллин көшелерінде қозғалыс тоқтады. Осы уақыт аралығында жол қиылыстарындағы бағдаршамдар өшіріліп, қозғалыс жол полициясы қызметкерлерімен жасалды.

Жол полициясы басқармасындағылардың түсініктемесі бойынша, мұндай жағдай қалада 4 бірдей жол торабы құрылысының басталуынан туындаған. Оларды тұрғызуға бірнеше ай уақыт кетеді. Ал басқармада құрылыс кезеңінде пайдаланылатын айналма жолдардың жүйесі жасалынған.

Сондай-ақ, бүгін Алматының ішкі істер департаменті ғимараты орналасқан көшелеріне тосқауыл қойылды. ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, ауданда шұғыл- тактикалық оқу жаттығулары жүргізілді.

Сонымен қатар, қала тұрғындары "бірнеше шақырымдық жол "тығындарының" орын алғанына және көшелермен жүрудің қиындығын санамағанда, оған тосқауыл қойылуы негізсіз" деп нарызылықтарын білдіріп.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны