15.06.2009, 10:11 1154

Алматының Түріксіб ауданында оқ-дәрі қоймасы табылды - ҚР ТЖМ

Алматының Түріксіб ауданында оқ-дәрі қоймасы табылды - ҚР ТЖМ

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Түріксіб ауданында оқ-дәрі қоймасы табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Түріксіб ауданында Спасская көшесіндегі "Kraizer" ЖШС-нің жанынан 14 маусымда сағат 13.45-те қару-жарақ қоймасы табылып, ол жерден: 30 миллиметрлік калибрлі БМП-2 оқтұмсығынан 3 дана, 23 миллиметрлік калибрлі ЗУ-2 оқу мақсатындағы оқтұмсықтан 1 дана, пулеметтің оқыту мақсатындағы бір оқтұмсығы, калибрі 12,5 миллиметрлік, сондай-ақ, РГД-5 оқу гранатасы, 3 дорба аммонит, 2 жауынгерлік УЗРГ-2 запалы, Макаров тапаншасының 1 дана оғы шықты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қару-жарақты Түріксіб АІІБ қызметкерлері жою үшін алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны