25.12.2007, 16:49 3303

Алматы-Шымкент тас жолының бойында Шақпақ асуы екінші тәулік жабылды

Алматы-Шымкент тас жолының бойында Шақпақ асуы екінші тәулік жабылды

Тараз. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы-Шымкент тас жолының бойында Шақпақ асуы екінші тәулік жабылды, деп хабарладйы агенттік тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кешеден бері Алматы - Шымкент (550-593 шақырым) республикалық трассасының бойында 300 көлік, соның ішінде қалааралық бағыттарда қатынайтын 30 автобус қамалып тұр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жауған қар мен қатты жел Жуалы ауданындағы Шақпақ асуында жолдың мүлдем дерлік көрінбей қалуына алып келді. Тағы да 45 машина Бурнооктябрьское кентінің маңында қамалған.

Күн райы ахуалының күрт нашарлауына байланысты құрамына атқарушы билік өкілдері, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Тараз құтқарушылар отряды, жол ұйымдары, жол полициясы, "Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығы өкілдері кірген төтенше жағдайды жою жөніндегі штаб автокөліктердің елдімекен аумақтарынна шығуына тыйым салу, күн мезгілінде облыстағы асуларда қозғалысты жабу туралы шешім қабылдады.

Қардан түзілген қоршауларды жою үшін түрлі қызметтердің 72 адамы мен 25 техника, соның ішінде шнекті роторлар, бульдозерлер, автогрейдерлер мен ауыр машиналар тартылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы уақытымен 12 сағатта 45 автокөлік пен 6 автобус қар қоршаудан босатылып, 300 адам темір жолмен Шымкентке жіберілді.

Тараз әуежайына "Қазавиаспас" РМК-ның МИ-8 тікұшағы келіп қонды. Ол шұғыл жеткізуді талап ететін науқастарды және автокөлік жете алмай қалған ауылдардағы он екіқабат әйелді жеткізеді.

Мекеменің хабарлауынша, қазірде күн райына байланысты тікұшақ әлі де Жуалы ауданынан шыға алған жоқ.

Жамбыл гидрометеорология орталығының болжамына сәйкес, алдағы тәуліктерде күн райы жақсара қоймайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны