14.11.2006, 13:22 2652

Алматы-Ташкент тас жолында жолаушылар автобусы аударылып, екі адам қаза тапты, 10 жолаушы зардап шекті

АСТАНА. 14 қараша. Kazakhstan Today. Алматы-Ташкент көлік жолында жолаушылар автобусы аударылып, екі адам қаза тапты, 10 жолаушы зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі миистрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметтерінше, көлік апаты бүгін Жамбыл облысы, Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 258 шақырымында болған. 4 сағат 30 минутта Шымкенттен Алматыға бет алған, ішінде 35 адамы бар "Ванхо" жолаушылар автобусы аударылады. Қазіргі кезде жүргізушінің тұлғасы анықталып жатыр.

Алдын ала келтірген мәліметтер бойынша, апат кезінде 2 адам қаза тауып, түрлі жарақат алған 10 адам ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны