19.03.2012, 17:35 3368

"Алматы-Ташкент" тасжолында болған көлік апатынан 6 адам мерт болды

Жексенбі, 18 наурыз күні Жамбыл облысында, кешкі сағат жеті жарым шамасында "Алматы-Ташкент" автожолының 185-інші шақырымында ("Қордай" асуы) "Ауди" және "Тойота" көліктері соқтығысқан.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - "Алматы-Ташкент" тасжолында болған көлік апатынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі, 18 наурыз күні Жамбыл облысында, кешкі сағат жеті жарым шамасында "Алматы-Ташкент" автожолының 185-інші шақырымында ("Қордай" асуы) "Ауди" және "Тойота" көліктері соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында "Аудидің" 24 жастағы жүргізушісі мен 1992, 1986, 2005, 2007, 2009 жылы туған - 5 жолаушысы мерт болды.

Түрлі жарақаттармен "Аудидің" 1982 жылы туған, "Тойотаның" 1996, 1957 және 1953 жылы туған жолаушылары ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны