31.08.2011, 10:29 6792

Алматы-Ташкент тасжолында болған көлік апатынан үш адам қаза тапты

Алматы-Ташкент күрежолындағы жол көлік оқиғасы кезінде 3 адам көз жұмған.

Тараз. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы-Ташкент тасжолында болған көлік апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы-Ташкент күрежолындағы жол көлік оқиғасы кезінде 3 адам көз жұмған.

"28.08.2011 ж. сағат 21.00 шамасында Т.Рысқұлов атындағы аудан аумағында, Алматы-Ташкент автожолының 424 шақырымында "Форд Транзит" автомашина жүргізушісі 1953 жылы туған азамат "Фольксваген Гольф-3" автомашинасымен соқтығысқан. Екінші машинаның рулінде 1978 жылы туған азамат отырған ( Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны)", - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметін.

Жол көлік оқиғасы салдарынан "Фольксваген Гольф-3" жүргізушісі мен 2 жолаушысы қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны