Система Orphus

Алматы маңында "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты

27.12.2019, 14:06 38800
Алматы маңында "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты

Алматы. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы маңында "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты. "Бек Эйр" әуе компаниясының іс-қызметі тоқтатылды.

Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша "Бек Эйр" әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Екі қабаттық ғимарат үймен қақтығыс болды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 12 адамды құрайды.

Алматыда құлаған ұшақ ісі бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады.

Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", деп жазды Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті", делінген хабарламада.

Алматы маңындағы ұшақ апаттынан зардап шеккендер №4 аурухана мен балалар "Жедел медициналық көмек" орталығына жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді.

Сонымен қатар ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды.

Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді" делінген хабарламада.

Елбасы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы әуежайынан ұшып шыққан "Bek Air" әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін" делінген жеделхатта.

Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", деді Д.Назарбаева.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апаты болған жерге барды. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram парақшасында жазды.

"Бэк Эйр" әуе компаниясына тиесілі "Фоккер-100" ұшағының құлаған жеріне қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барды. Қала басшысы іздестіру құтқару жұмыстарын бақылады. Одан шығып Алматы әуежайының терминалын аралап шықты. Содан кейін №4 аурухана мен Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына барып, зардап шеккен адамдардың халын білді. Қала басшысы қаза болғандардың отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтты" деді Әсет Мұқажанов.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе бортында 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша әуе апатынан 14 адам қаза тауып, қираған ұшақтың 24 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін қаза болғандар мен тірі қалғандардың саны туралы нақты деректер айтылады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуекомпаниясының №Z2100 рейсі, Fokker-100 ұшағы ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Ұшақ Алматы облысы Талғар ауданы аумағында Гүлдала мен Әлмерек елді мекендері арасындағы екі қабатты құрылысқа соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Медициналық көмек көрсету үшін 40 жедел жәрдем бригадасы аттанды. Қазіргі уақытта қаза болғандар саны 12 адам, зардап шеккендер саны 12 адам (8 ересек, 4 бала). ҚР Премьер-Министрі Үкімет комиссиясын басқарды. Комиссия құрамында Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты 2019 жылы мамырда берілді. Борттың шығарылған күні 1996 жылдың сәуір айы. Қазақстандық тізілімде 2016 жылғы 26 тамызда тіркелген (куәлік нөмірі 940). Bek air авиакомпаниясында 9 борт тіркелген. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта пайдаланушы сертификатын және Bek air авиакомпаниясының ұшу жарамдылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тоқтатты".

Fokker-100 ұшағы (рейс Z92100) Алматы облысының Қызыл ту ауылының маңында әуе апатына ұшырады.

Алматы қаласының әкімдігі оқиға орнында 14 адам қаза тауып, 17 адам ауыр халде Алматыдағы 4 ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Кейінірек 4 қалалық ауруханаға жеткізілген бір адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың саны 15-ке жетті.

Алматы қалалық клиникалық ауруханасында тағы бір адамның қайтыс болғаны хабарланды. Қаза болғандар саны 12 жетті. Аурухана дәрігерлері берген сұхбатта:

"Ауруханаға жеткізілген 19 адамның 11-і өте ауыр халде еді, бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазірге дейін 6 адамға ота жасалды. 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Екі адам көз жұмды, олардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазір психологтар жарақаттанғандар және олардың туыстарымен жұмыс істеп жатыр" делінген.

Әзірге белгілі қаза тапқан жолаушылар тізімін ҚР ТЖМ ТЖК жариялады:

oАсташов Николай Андреевич 1971 ж.т.

oКайдаров Рустам Есимханович 1940 ж.т.

oКалиев Бауржан Серикович 1974 ж.т.

oКарибаева Базархан 1974 ж.т.

oМуратбаев Марат Ганиевич 1961 ж.т.

oНурбаев Абай 1982 ж.т.

Исина Аршат

Нурбеков Абай Жаугаштаевич 1986

Аманжол Сания

Круглова Дана Арыстанбаевна 1984

Туматов Каирхан Идиканбекович 1955

Оспанова Имина Фатиевна 1963

Ануфриев Валерий

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі экипаж мүшелерінің тізімін ұсынды:

Әуе кемесінің капитаны - Мұратбаев Марат Ғаниұлы, 07.03.1961;

Екінші пилот - Молдақұлов Миржан Ғайнулұлы, 04.05.1965;

Бортсеріктер: Валиулина М., Сахов М.А., Османов Р.Д.

Алматы әкімдігі жарақат алғандардың алдын ала тізімін жариялады:

oНурманова Сауле;

oНурманов Асхат;

oНурбекова Адина;

oНурбекова Мариям;

oЖалгасов Али;

oБаинбетова Гульмира;

oТасмагамбетова Асия;

oФалиулина Маржан;

oЖолдыбаев Бекзат;

oЖумаханов Ченгиз;

oБаймуратов Нурислан;

oГатият Абилжан;

oАбильдаева Асель;

oСериков Мейранбек;

oАдаев Еркибулан;

oТолебаев Орлан;

oТолешева А.Ж.;

oТазабергенов;

oИбраис Дархан;

oКауралбай Темирхан;

oекі баланың аты-жөні белгісіз.

Әуе апатына байланысты Bek Air әуе компаниясының 27 желтоқсанға жоспарланған барлық Fokker-100 ұшақтары тоқтатылды:

o10.45 Алматы - Нұр-Сұлтан;

o11.00 Қызылорда - Нұр-Сұлтан;

o13.10 Нұр-Сұлтан - Шымкент;

o14.00 Алматы - Павлодар;

o14.05 Алматы - Ақтау;

o14.35 Нұр-Сұлтан - Атырау;

o15.30 Шымкент - Атырау;

o16.30 Павлодар - Алматы;

o16.30 Атырау - Шымкент;

o17.25 Ақтау - Шымкент;

o18.25 Алматы - Орал;

o17.40 Атырау - Нұр-Сұлтан;

o20.30 Шымкент - Нұр-Сұлтан;

o21.30 Шымкент - Ақтау;

o21.30 Орал - Алматы;

o21.40 Нұр-Сұлтан - Алматы;

o23.00 Нұр-Сұлтан - Алматы;

o23.55 Ақтау - Алматы.

"Bek Air" әуе компаниясы апатта қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты:

"Біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметкерлерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Аноним түрде таралып жатқан хаттарға мән бермеулеріңізді сұраймыз. Себебі, ол алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін. Сондықтан, ресми ақпаратты күтулеріңізді өтінеміз".

Жарақат алғандар жеткізілген ауруханалардың телефоны:

oАлматы облыстық ауруханасы: +7 (7272) 270 36 10, 270 36 14;

oОрталық қалалық клиникалық аурухана: +7 (7272) 274 83 43;

oАлматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы: +7 (7272) 292 36 20;

oБалаларға арналған шұғыл медициналық жәрдем орталығы: +7 (7272) 274 45 43.

Фейсбук әлеуметтік желісінде жарақат алған жолаушыларға донорлық қан керек екені хабарланды.

Мекен-жайы: Алматы қалалық қан құю орталығы: Бұқар жырау, 47, тел: 274-31-99.

Алматы облыстық қан құю орталығы: Қаскелең, Абылай хан көшесі, 42. Телефоны: +7 (72771) 2 28 04.

Ішкі істер министрлігінің жедел желі номері:

Тел: 8 (7172) 53-32-84

Алматы облысының ТЖҚ: 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18;

Нұр-Сұлтан ТЖҚ: 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны