14.08.2026, 15:37 24691

Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды
Қазақстанның ұлттық электр желісі операторы KEGOC-тың электр беру желілерінің апаттық ажыратылуына байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше ауданында жарық өшті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«KEGOC» АҚ-ға тиесілі кернеуі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды», — деп түсіндірді АЖК.

Мекемінің мәлімдеуінше, ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт-ты құрады.

Алматы облысының он ауданында — Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында электр жарығы өшті.

Алматыда электр қуатының өшуі Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарын қамтыды.

Сондай-ақ, Kazakhstan Today оқырмандары Алматының Түрксіб және Медеу аудандарында да электр қуаты өшкенін хабарлады.

Агенттік журналистері түсініктеме алу үшін KEGOC компаниясына сұрау салды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны