04.06.2021, 20:45 40211

Алматыда қатты желден құлаған ағаштар төрт көлікке зақым келтірді

"Аумақ тазартылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ".
АЛМАТЫ. 4 МАУСЫМ - Алматыда қатты желдің салдарынан құлаған ағаштар мен бұтақтардан төрт автокөлік зақымдалған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

12.30-дағы жағдай бойынша желдің қатты екпіні салдарынан 112 желісіне автокөліктерге ағаштар мен бұтақтардың құлауы туралы 4 хабарлама келіп түсті. Алмалы ауданында - 2 жағдай, Алатау ауданында - 1 жағдай, Медеу ауданында автокөлікке ғимараттың қасбетін әрлеу элементтерінің құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 4 автокөлік зақымданды", - деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, 109 құтқару қызметіне жолдың жүру бөлігіне, жаяу жүргіншілер аймағы мен балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама келіп түсті.
 

Аумақ тазартылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті ТЖД.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны