09.04.2021, 21:10 47963

Алматыда кіреберістерде балалар арбаларын өртеу жағдайлары жиілеп кетті

АЛМАТЫ. 9 СӘУІР - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баларға арналған арбалардың жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлім етті.
 
Департамент таратқан мәліметке сәйкес, 2020 жылдың 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар мен велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген.
 

Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғалары болды. Атап айтар болсақ, 2020 жылдың 7 қарашасында таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта Бостандық ауданында №2, 14, 28 "Қазақфильм" және №5, 33 "Алмагүл" шағынаудандарының көпқабатты үйлерінен шақырту түсті. Бірден 5 бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап 10-ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының "Көктем" шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді", - деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінен.

 
Сондай-ақ қаланың төрт ауданында, атап айтқанда Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданыдағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген. Оған қоса басқа да тұрмыстық заттар өртенген.
 

Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана жасалғандығы анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласының полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ торларының астында, сондай-ақ эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін үй тұрмыстық заттарды, яғни балалар арбалары, шаналар, велосипедтер мен жиһаз жинауға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

 
Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде бала арбаларын, велосипедтерін қоймауға шақырады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны