16.02.2021, 17:00 14263

Алматыда "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушы ұсталды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы полицейлері "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушыны ұстады.
 
Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
 

Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

 
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны