Система Orphus

Алматыда қызды өлтірген күдікті туралы жаңа мәліметтер пайда болды

31.03.2021 38611
Алматыда қызды өлтірген күдікті туралы жаңа мәліметтер пайда болды
АЛМАТЫ. 31 НАУРЫЗ - 19 жасар Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдікті туралы жаңа мәліметтерді "Астана" телеарнасының тілшілері анықтады.
 
Алматыда жантүршігерлік жағдайда табылған 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты бірқатар тың деректер анықталды. "Астана" телеарнасының тілшілері анықтағанындай, сезікті қазіргі Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында небәрі екі жыл ғана оқыпты. Бұрынғы студенттерінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған. Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент, тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған болып шықты.
 

Оқудан шығарылған себебі : бұл сабақтарға дұрыс қатыспаған. Және пәндер бойынша сабақтарға жіберілмеген емтихандық сессияға және өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға келген. Ал енді -мінезіне келетін болсақ, енді біздің әріптестерге айтуына қарағанда - өте салмақты. Мынау өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен жанжалға түсіп немесе оқытушылармен жанжалға түсіп ондай кезеңдер болған емес", - дейді Шымкент қ. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы фармация факультетінің деканы Қанат Дәуренбеков.

 
 
Айта кетейік, 28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы "Алтын белгімен" бітерген. Айтпақшы, күдікті Рахманберді Төребековтың ата-анасы мұғалім болған. Жаушықұм ауылы әкімінің мәліметіне сүйенсек ерлі-зайыптылар қазір зейнетте. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударыпты. Олардың ортақ үш перзент бар деді.
 
Ақпарат көзі: astanatv.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны