07.02.2022, 17:06 20896

Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу іс-шарасы жүріп жатыр

7 ақпаннан бастап ерекше өкімге дейін Алматыда "Қару" іс-шара өтуде.
Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу іс-шарасы жүріп жатыр
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 7 АҚПАН - Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу іс-шарасы жүріп жатыр. 
 
7 ақпаннан бастап ерекше өкімге дейін Алматыда "Қару" іс-шара өтуде. 
 

Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар мегаполисте қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер етеді. Алматы полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды. "Қару" жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қарудың максималды санын заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. 

 
Сондай-ақ, полиция іс-шара аясында азаматтық қарудың жеке иелерін қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесінің бар-жоғы мен қолданылуына тексерілетінін айтты. 
 

Алматы полициясы қаруды қабылдау науқанын өткізіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға, оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырған адамдар, егер олардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны