12.08.2026, 12:42 23946

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
12 тамыз күні Алматыда жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қала тұрғындары да әлеуметтік желілерде жер сілкінісін сезгендерін жазуда.

Кейінірек ТЖМ Астана уақыты бойынша сағат 12:14-те күші 2 балдық жерасты дүмпулері тіркелгенін нақтылады.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.

Естеріңізге сала кетсек, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болып, 130-дан астам адам қаза тапқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны