13.08.2026, 10:22 26481
Алматыда жоғары дәрежелі шақыру бойынша өрт сөндіріліп жатыр
Достарға айту
Алматыда өрт сөндірушілер шақырудың жоғары дәрежесі бойынша өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қаланың Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде орналасқан қоймада шыққан.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті оқшаулау және жалынның таралуына жол бермеу үшін бірнеше өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.
Өрттің аумағы мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.09.2026, 17:27 916
Семейде жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен әйелді мерт болды
Сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды
Достарға айту
Семейде жаяу жүргіншілер өткелінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 69 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жол апаты 2026 жылдың 8 қыркүйегінде шамамен сағат 12.00-де болған. Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, Toyota Land Cruiser жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде реттелетін жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
Алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында екі баланы аулада көлік қағып кеткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 14:24 7381
Астана әуежайы маңында тоқ кернеуінің ауытқуынан ұялы байланыста ақаулар орын алды
Достарға айту
Астана әуежайы маңында тоқ кернеуінің ауытқуына байланысты ұялы байланыс пен интернет жұмысында ақаулар орын алды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінен.
"Әуежайдың барлық негізгі жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бейнебақылау камералары мен навигациялық құралдар іркіліссіз жұмыс істеп жатыр. Ұшып келетін және ұшып шығатын рейстер кестеге сәйкес орындалуда", - деп мәлім етті әуежай өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, тамыз айында Қазақстанның электр желілерін басқару жөніндегі ұлттық операторы KEGOC электр беру желілерінің апаттық ажыратылуына байланысты Алматы мен Алматы облысының бірнеше ауданындағы тұрғындар жарықсыз қалды. Электр энергиясының өшуі салдарынан Алматыда көлік кептелістері пайда болды.
Кейін Қазақстанның Энергетика министрлігі Алматыда, Алматы облысында және еліміздің басқа да өңірлерінде электр энергиясының жаппай өшу себебін түсіндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 12:58 7971
Щучинскідегі дәмханада болған жарылысқа қатысты айыпталған үш азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бурабай аудандық соты Щучинск қаласындағы "Центр плова Loft" дәмханасында болған жарылысқа қатысты іс бойынша үш адамды бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, дәмхана басшысы мен ЖШС директоры жеті жылға, ал газ баллондарын жеткізуші алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, 16 жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды.
"Сот облыс әкіміне жеке қаулы шығарып, онда қылмыстық істі қарау барысында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда және ведомствоаралық өзара іс-қимылда анықталған кемшіліктер туралы хабарлады. Қаулыда туындаған зардаптарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 26 ақпанында газ баллонының жарылып, арты өртке ұласқан болатын. Салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам әртүрлі дене жарақатын алып, ғимарат иесіне аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.
Бұған дейін Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындары газ баллондарын сақтау талаптарының сақталуына қатысты тексерілетіні хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 10:22 8616
АҚШ-та Boeing 767 ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
Достарға айту
АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайында Amazon Prime Air компаниясының рейсін орындауға дайындалып жатқан Boeing 767 жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform BBC сілтеме жасай отырып.
Тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. АҚШ Көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, оқиғаны АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) тексеріп жатыр.
"Бес адамның қаза тапқанын және тағы бес адамның жарақат алғанын білеміз", - деді Майами-Дейд округінің басшысы Даниэлла Левин-Кава оқиғаға қатысты өткен баспасөз мәслихатында.
"FAA тергеу жүргізу үшін инспекторларын жіберді", - деп жазды Шон Даффи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, Amazon компаниясына тиесілі жүк Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кеткен Майами әуежайында ұшып шығуға уақытша тыйым салынды.
Министр жолаушылар ұзақ уақытқа созылатын кідірістерге тап болуы мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін куәгерлер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен ұшақтан қою түтін шыққанын хабарлаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2026, 09:31 17786
Алматыда 16 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Сурет: Бейнежазбадан скриншот
Достарға айту
Алматыда паркингте шыққан өрт салдарынан 16 қабатты тұрғын үйден 100-ге жуық адам, оның ішінде 19 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Өрт Бостандық ауданындағы Абай даңғылында болды. Паркингте күштік кабель өртенген. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрады.
"Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетті. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 100 жуық адамды, оның ішінде 19 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады",- деп жазады ТЖМ.
Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, тамыз айының соңында Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан бір әйел қаза тауып, 148 адам құтқарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2026, 14:11 23181
Қасбеттің опырылуына не себеп болуы мүмкін: Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша жаңа айғақтар айтылды
Мемлекеттік айыптаушы сот-медициналық сараптама нәтижелерін оқыды
Достарға айту
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысында инженер Константин Костенко тұрғын үй қасбетінің опырылуына себеп болуы мүмкін факторлар туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Білімім бойынша инженер-құрылысшымын. Мамандығым - "Сумен жабдықтау және кәріз желісі". Желдің соғу бағытына сәйкес, дәл сол қаптал солтүстік-батыс жақтан соғатын жел, жаңбыр мен дауылдың өтінде болған", - деді ол.
Куәгерлерден жауап алынғаннан кейін сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуді жалғастырды. Мемлекеттік айыптаушы Ұлдана Мырзуанның денесіне жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысын оқып берді.
"Өлім бас сүйектерінің сынуы, ми қабықтарының астына қан құйылуы және мидың соғылуымен қатар жүрген ашық бас-ми жарақаты салдарынан болған. Бұл жарақаттар ми тінінің ісінуі мен домбығуына, дислокациялық синдромның дамуына және ми бағанының қысылуына әкелген. Ұсынылған медициналық құжаттамаға сәйкес, өлім 2025 жылғы 18 қарашада сағат 10:10-да тіркелген", - деген мәлімет берді ол.
Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болды. Тұрғын үй қасбетінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционер бекітпесі опырылып түсті. Салдарынан бес адам зардап шекті.
Ұлдана Мырзуан оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының құрамында келіп, зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алды. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күресті, алайда фельдшерді аман алып қалу мүмкін болмады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2026, 12:19 23496
Мысырдағы автобус апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
Сурет: Aa.com.tr
Достарға айту
Мысырдағы жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп мәлім етті ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
БАҚ хабарламаға сүйенсек, жол апаты 2 қыркүйекте Оңтүстік Синай провинциясындағы Дахаб - Нувейба тасжолында болған. Жолаушылар автобусы Қызыл теңіз жағалауындағы туристер арасында танымал аймақта аударылып қалған.
Бастапқыда 16 адамның қаза тауып, 28 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Кейіннен Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар саны 21-ге дейін артқанын мәлімдеді.
Жол апатынан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі автобус жолаушыларының арасында қазақстандықтардың бар-жоғына қатысты ақпаратты тексерді.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.09.2026, 15:39 25061
Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен тірі нәресте табылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен тірі нәресте табылды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
"Жаңа туған нәрестені қауіп-қатерде қалдыру дерегі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Баланың анасын анықтауға және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қордай ауданындағы Гвардейск гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасының мәліметінше, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.09.2026, 09:47Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді 08.09.2026, 09:11 12246Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды08.09.2026, 10:26 11581Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді08.09.2026, 10:54 10866Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді08.09.2026, 10:12 6911Еліміздің бес өңірінде бизнеске қолдау көрсету орталықтары өз жұмысын бастайды
03.09.2026, 17:22 82776Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79546Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70246Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66676Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64496Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді