11.07.2006, 14:52 2970

Алты жасөспірімнің өліміне себепкер болған жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айрылды

АҚТӨБЕ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Алты жасөспірімнің өліміне себепкер болған Ақтөбелік жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жеңіс күні қарсаңында Тумалыкөл ауылының студенттері мен оқушылары аяқдоптан достық сайысқа қатысу үшін көрші ауылға жолға шыққан. Құрама жалдап алған жүк көлігімен түнде кері қайтып келе жатқан. “ГАЗ-53” автокөлігінің кабинасында жүргізушімен бірге үш жолаушы, ал оның кузовында 20 адам болған. Тумалыкөл ауылынан 7 шақырым жерде 56 жастағы жүргізуші ұйықтап кету салдарынан автокөлік аударылып қалған. Соның салдарынан 15 пен 18 жас аралығындағы 6 жасөспірім оқиға орнында мерт болып, тағы екеуі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Жуырда Шалқар аудандық соты жүргізушіні ҚР Қылмыстық кодексінің жол қозғалысы ережелері мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне себеп болу жөніндегі 296-бабы, 3-тармағы бойынша айыпты деп тапты. Ол жазасын абақты-мекенде өтейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны