20.05.2013, 13:34 5453

Американың үш штаты 20 торнадоның құрсауында қалды

Шауни қаласында (штат Оклахома) бір адам табиғат апатының құрбаны болып, жүзден аса тұрғын үй қираған. Сондай-ақ, электр сымдарының үзілуіне байланысты он мыңдаған адам жарықсыз қалған. Жол-көлік оқиғалары да көбейген. Бұл жайында ИТАР-ТАСС жергілікті БАҚ көздеріне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Астана. 20-мамыр. Kazakhstan Today - Мамырдың 19-ы күні АҚШ-тың Канзас, Айова және Оклахома штаттары 20 торнадоның құрсауында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мамандары хабарлады.

Шауни қаласында (штат Оклахома) бір адам табиғат апатының құрбаны болып, жүзден аса тұрғын үй қираған. Сондай-ақ, электр сымдарының үзілуіне байланысты он мыңдаған адам жарықсыз қалған. Жол-көлік оқиғалары да көбейген. Бұл жайында ИТАР-ТАСС жергілікті БАҚ көздеріне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Торнадоға байланысты Уичита әуежайынан жолаушылар басқа жерге көшірілді. Барлық әуе жолдары жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны