17.08.2026, 11:15 23641

Қарағанды облысының төрт ауданын дала өрті шарпыды

Қарағанды облысының төрт ауданын дала өрті шарпыды
Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында дала өрті тіркелді. Өртпен күресуге және елді мекендерді қорғауға 620 адам және 134 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жағдай қатты соққан жел салдарынан қиындап отыр. Қарқаралы ауданында 1989 және 1970 жылдары туған екі ер адамды күйік шалды. Бір зардап шегушінің денесінің 10%-ын, екіншісінің 20%-ын күйік шалған. Екеуі де ауруханада жатыр, жағдайлары тұрақты.

Жаңатоған ауылының маңында әуеден барлау жұмыстары жүргізілді. Жаңа өрт ошақтары анықталған жоқ, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнында 159 адам мен 52 техникадан тұратын екі топ — жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Бесоба ауылының маңындағы қыстақтарда болған үш өрт ошағы, Ақтоғай және Шет аудандарындағы табиғи өрттер толығымен жойылды. Ондағы жағдай тұрақты әрі бақылауда.

«Аптап ыстық пен қатты соққан жел салдарынан дала өртінің қаупі әлі де сақталып отыр. Бақылау тұрақты болуы керек, жергілікті әкімдіктер Төтенше жағдайлар департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет», — деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.  
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны