10.12.2015, 17:02 5625

Арқалықта шыққан өрт салдарынан 26 адам жапа шекті, оныӊ 16-сы балалар

Арқалықта жатақханада шыққан өрт салдарынан 26 адам жапа шекті, оныӊ 16-сы балалар, деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Арқалық. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Арқалықта жатақханада шыққан өрт салдарынан 26 адам жапа шекті, оныӊ 16-сы балалар, деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомство ақпаратынша, сәрсенбі күні күндіз №12 жатақхана отқа оранды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"№134 бөлмеде 15 шаршы метр аумақтағы жиһаз бен киім-кешектер өртенді. Отты ауыздықтау кезінде 38 адам қауіпсіз жерге шығарылды", - делінген хабарламада.

ТЖД ақпаратынша, өрт салдарынан 26 адам жапа шеккен, оныӊ 16-сы балалар. Олар Арқалық ауруханасына жеткізілді.

Тілсіз жаумен күресуге Қостанай облыстық ТЖД 9 қызметкері мен 3 техникасы тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны