22.09.2009, 10:26 1393

"АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатында апат салдарынан конверторлық цехтың жұмысы тоқтатылды

"АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатында апат салдарынан конверторлық цехтың жұмысы тоқтатылды

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатында апат салдарынан конверторлық цехтың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Теміртау қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның металлургиялық комбинатында 21 қыркүйекте сағат 06.00-де диаметрі 1000 миллиметрлік техникалық суы бар су құбырының жарылуы салдарынан конверторлық цехтың жұмысы тоқтатылды.

Апаттан қалпына келтіру жұмыстарына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 21 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны