27.06.2013, 11:16 2887

АрселорМиттал Теміртауда апат орын алды, қаза тапқандар жоқ, ТЖ орнына Исекешев келді

Қарағанды облысының Теміртау қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатында алпауыт апат орын алды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

қарағанды. 27-маусым. Kazakhstan Today - АрселорМиттал Теміртауда апат орын алды, қаза тапқандар жоқ, ТЖ орнына Исекешев келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатында алпауыт апат орын алды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сәрсенбі күні, 2013 жылғы 26 маусымда сағат 16.15-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ кокс химиялық өндірісіндегі темірбетон құбыры бұзылып, тарс еткен дыбыс шықты. № 5 кокс батареясының жылыту қабырғаларынан жанғыш өнімдерді жоюға арналған құбырдың төрттен үш бөлігі бұзылған. Құбырдың сыртқы диаметрі 11 метрді құрайды, биіктігі - 90 метр.

17.45-те ӨСжАҚЖҚ, "Өрт сөндіруші" АҚФ күшімен өрт ауыздықталып, 21.45-те толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен ТЖ орнына ҚР вице-премьері -индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев аттанды, ол штаб отырысын өткізеді", - делінген хабарламада.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ArcelorMittal трансұлттық компаниясының құрамына кіреді, Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы ең ірі кәсіпорны болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны