10.07.2009, 10:00 1378

"АрселорМиттал Теміртаудың" конверторлық цехында екі көліктің соқтығысуы салдарынан жұмысшы қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртаудың" конверторлық цехында екі көліктің соқтығысуы салдарынан жұмысшы қаза тапты

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "АрселорМиттал Теміртаудың" конверторлық цехында екі көліктің соқтығысуы салдарынан жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Теміртау қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ конверторлық цехында 9 шілдеде сағат 16.20-да УАЗ және ЗИЛ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан УАЗ көлігінің 60 жастағы жүргізушісі ауруханада қайтыс болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Ақтөбе облысының Хромтау қаласында "ТҰК Қазхром" АҚ-ның Дон тау-кен байыту комбинатының Донской кен орнында Южный карьерінде жарылыс жұмыстары учаскесінде 9 шілдеде сағат 16.20-да жарылыс шықты. Соның салдарынан 54 жастағы жарғыш оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны