03.09.2026, 14:11 49260 / 9236

Қасбеттің опырылуына не себеп болуы мүмкін: Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша жаңа айғақтар айтылды

Мемлекеттік айыптаушы сот-медициналық сараптама нәтижелерін оқыды
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысында инженер Константин Костенко тұрғын үй қасбетінің опырылуына себеп болуы мүмкін факторлар туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Білімім бойынша инженер-құрылысшымын. Мамандығым - "Сумен жабдықтау және кәріз желісі". Желдің соғу бағытына сәйкес, дәл сол қаптал солтүстік-батыс жақтан соғатын жел, жаңбыр мен дауылдың өтінде болған", - деді ол.


Куәгерлерден жауап алынғаннан кейін сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуді жалғастырды. Мемлекеттік айыптаушы Ұлдана Мырзуанның денесіне жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысын оқып берді.

"Өлім бас сүйектерінің сынуы, ми қабықтарының астына қан құйылуы және мидың соғылуымен қатар жүрген ашық бас-ми жарақаты салдарынан болған. Бұл жарақаттар ми тінінің ісінуі мен домбығуына, дислокациялық синдромның дамуына және ми бағанының қысылуына әкелген. Ұсынылған медициналық құжаттамаға сәйкес, өлім 2025 жылғы 18 қарашада сағат 10:10-да тіркелген", - деген мәлімет берді ол.


Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болды. Тұрғын үй қасбетінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционер бекітпесі опырылып түсті. Салдарынан бес адам зардап шекті.

Ұлдана Мырзуан оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының құрамында келіп, зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алды. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күресті, алайда фельдшерді аман алып қалу мүмкін болмады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны