22.08.2012, 11:28 3214

Астана әуежайында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады

Белгілі болғандай, апат салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Астана әуежайында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Белгілі болғандай, апат салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.

"Осы оқиға бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта апат орнында Ұшу қауіпсіздігі және мемлекеттік авиация бас басқармасының, Қорғаныс министрлігінің, прокуратураның, ІІМ әскери-тергеу басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тікұшақтың апатқа ұшырау себептері комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады", - дейді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны