23.02.2010, 14:53 3047

Астана әуежайында Оралға бет алған жолаушылар ұшағы мәжбүрлі қонды

Астана әуежайында Оралға бет алған жолаушылар ұшағы мәжбүрлі қонды

Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Астана әуежайында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Астана- Орал бағытындағы жолаушылар ұшағы мәжбүрлі қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today акционерлік қоғамның баспасөз қызметінің менеджері Жанна Бадаубаеваға сілтеме жасап.

"Кеше "Эйр Астана" әуекомпаниясының Астана- Орал бағытында қатынайтын "Фоккер-50" ұшағы сағат 23.04-те кесте бойынша ұшып шыққан. Сағат 23.23-те ұшақ командирі бір жүйенің индикациясынан проблема тапқан. Алайда басқа жүйелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп тұрған. Ақауды тауып жою үшін ұшақ командирі әуежайға оралуға шешім қабылдаған. Сағат 23.40-та ұшақ Астана әуежайына келіп қонды", - деді Ж. Бадаубаева.

Ұшақта 27 жолаушы болған.

"Бүгін кешегі рейстің жолаушылары сағат 13.20-да Астанадан Оралға КС-979 рейсі бойынша "Эйрбас А-319" ұшағымен ұшып шықты",- деп хабарлайды компания.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін ғафу өтінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны