29.06.2011, 14:00 3428

Астана әуежайының жолаушылар терминалында Ұлыбритания азаматы шу шығарды

Бриггс болған оқиғаға байланысты полиция бөлімшесіне жеткізілді, ал 25 маусымда - республикалық ғылыми хирургия орталығына. Болжамдық "диагноз" - сол көздің параорбитралдық гематомасы, кеуде қуысының зақымдануы". Полицияның нұсқасы бойынша, ол құлап мертіккен.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Ұлыбритания азаматы Қазақстан астанасының әуежайында төбелес шығарғаны үшін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Комсомольская правда" газетіне сілтеме жасай отырып, BNews.kz сайтының хабарлауынша, оқиға 23 маусымда сағат шамамен 23:00-де Астана-Алматы рейсіне отырғызу жүріп жатқан кезде орын алған. Жолаушылардың бірі - британдық Пол Спенсер (Paul Spencer Briggs) удай мас болып, соған байланысты оны ұшаққа кіргізбеген. Ренжіп қалған шетел азаматы тұрған жерінде ұрыс шығарып, Астана әуежайы ЖІІБ-нің потрульдік полиция сержанты мен Қазақстанның тағы бір азаматын соққыға жыққан.

Бриггс болған оқиғаға байланысты полиция бөлімшесіне жеткізілді, ал 25 маусымда - республикалық ғылыми хирургия орталығына. Болжамдық "диагноз" - сол көздің параорбитралдық гематомасы, кеуде қуысының зақымдануы". Полицияның нұсқасы бойынша, ол құлап мертіккен.

Құқық қорғау органдарында хабарлағандай, билік өкіліне қатысты күш көрсеткені үшін шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалатын болады. Бриггстің ашуының үстінен түскен тағы бір қазақстандық азамат оның атына арыз жазған.

Кейбір мәліметтер бойынша, шетел азаматы Қазақстанға турист ретінде емес, жұмыс істеу үшін келген, Атыраудағы мұнай өндіруші компаниялардың бірінде қызмет жасайды. Республикадағы Ұлыбритания елшілігі аталған оқиға бойынша әзірге ешбір түсініктеме берген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны