11.03.2011, 13:04 3694

Астана базарларының бірінде өрт шықты

Астана базарларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Астана базарларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше түнде Астанадағы "Шарын" базары өртке оранған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт Сарыарқа ауданы Алаш шоссесінде орналасқан базардың ішіндегі азық-түлік сақталған шатыры жабық екі дүңгіршіктен шыққан.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру құрылымының 69 қызметкері мен 15 техникасы жұмылдырылған. Тілсіз жау 50 минутта ауыздықталып, бір жарым сағаттан кейін толығымен өшірілген.

Жалын 200 шаршы метрді аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны