06.04.2016, 14:01 5479

Астана қалалық ТЖД Сығанақ көшесін су басу салдарын жойды, қазір нысандарды су басу қаупі жоқ

Оқиға орнына жеткен соӊ АstanaVipProject құрылыс компаниясы қазу жұмыстарын жүргізуі және Кіші Талдыкөл жағасыныӊ шайылып кетуі салдарынан кабель көмілетін арықтарымен жолға жайылған су Сығанақ көшесіне қарай аққан

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 10:45 Астана қаласыныӊ ТЖ департаментіне Сығанақ көшесін су басқаны жайлы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына жеткен соӊ АstanaVipProject құрылыс компаниясы қазу жұмыстарын жүргізуі және Кіші Талдыкөл жағасыныӊ шайылып кетуі салдарынан кабель көмілетін арықтарымен жолға жайылған су Сығанақ көшесіне қарай аққан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бастапқыда су шамамен 300 метр жерді басты, су деӊгейі 20 см-ге жеткен. Қаланыӊ жедел және коммуналдық қызметтері шұғыл түрде әрекет етті"ё - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиғаныӊ салдарын жою үшін "Астана Тазалық", "Стройинвест" құрылыс компаниясыныӊ және қалалық ТЖД-ныӊ 21 техникасы жұмылдырылды.

Қазір судыӊ барлығы сорғызылып алынды. Көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу қаупі жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны